Айтарымыз бар оқырмандар клубының ашылуы

2021 жылы 14 қаңтарда «Айтарымыз бар …» жасөспірімдер арасындағы оқырмандар клубының ашылуына арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларына сәйкес қашықтық режимінде өткізілді.
Іс-шара барысында Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжінің студенттері осы заманның  жастарының кітаптарға деген қызығушылығын жандандыруға қатысты өз пікірлерімен бөлісіп, ойларын ұсынды.

Студенттер аудандық кітапхана қызметкерлерімен байланысып, кітапхана қоры туралы көп жаңа ақппарат алды; оларды оқырмандар жүйесіне жаңадан енгізілген жоспарлар да қызықтырды. 
Біз Жоғары Техникалық колледж студенттерінің арасында кітапқа деген қызығұшылығын арттыруға барлық белсенді күшүмізді саламыз.