Теологпен кездесу

2021 жылғы 17 қарашада Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бурабай ауданының теологы  Т.К. Шарипов 1 курс  У-11 тобының студенттерімен кездесті. Кездесу “экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі”тақырыбына арналды. Әңгіме барысында теолог білім алушыларға қазіргі заманғы діни экстремизмнің өзекті мәселелері, деструктивті ағымдар өкілдерінің әлеуметтік желілер арқылы белсенді түрде қалай тартылатыны туралы айтып берді.  Іс-шара барысында отбасылық құндылықтар, дәстүрлер , үлкендерді құрметтеу мәселелері қозғалды.  Студенттер пікір алмасуға белсене қатысып, өздерін мазалаған сұрақтарын қойды.Кездесу соңында ақпараттық парақшалар таратылды.