Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация

2021 жылдың 16 қыркүйек күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бурабай ауданының эпидемиолог-дәрігері  Ж.С. Бриншинова бірінші курс студенттерімен кездесті. Кездесу вакцинация және коронавирустық инфекцияның алдын алу тақырыбына арналды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өкілі балаларға қазіргі уақытта қол жетімді вакциналар туралы, бірінші және екінші вакцинаның  арасындағы интервалдар, мүмкін болатын реакциялар туралы айтты.

Студенттер әңгімеге белсенді қатысып, вакцинацияға қатысты сұрақтар қойды. 18 жасқа толмаған көптеген балалар вакцина алуға ниет білдірді.

Вакцинация – өзіңізді және жақындарыңызды коронавирустық инфекцияның ауыр ағымынан қорғаудың ең сенімді әдісі.