Кітап – білім бұлағы

Кітап – білім бұлағы, оны жаңа білім алу үшін, кейбір ойларды табу үшін оқу керек. Кітаптар дүниетанымды, сенімдерді, құндылықтарды қалыптастырады. Каникул кезінде Жоғары техникалық колледж студенттері бос уақыттарын кітап оқуға арнайды. Өйткені кітапты жақсы көретін, жақсы оқитын адам оқуда да жетістікке жетеді.