Шеберлік сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

2021 жылдың 27 қазан айында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің қатысуымен қызмет көрсету саласының әдістемелік бірлестігінің облыстық кеңесі өтті.
 Кездесу тақырыбы: «Шеберлік сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі (колледж тәжірибесі)»

 Отырыста Жоғары техникалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Драбинская О.В. – тақырыбы «Еңбек және шығармашылық», Исаханова Т.Б – «Мастер-класс – педагогикалық тәжірибені, практикалық білім мен дағдыларды тарату технологиясы», Шинкаренко С.В. – «Мектеп оқушыларына бастапқы кәсіби әдістемелік нұсқауларды қалыптастыру мақсатында шеберлік сабақтарын өткізу» баяндама оқыды.
  Баяндамалары қызықты, мазмұнды және ең бастысы тәжірибеге бағытталған.