Щучинск жоғары техникалық колледжінің студенттері жалғызбасты қарттарға көмектесіп, қардан тазарту жұмыстарын бастады!

Қалың қар барлық адамдарға, әсіресе қарт адамдарға, жеке секторда тұратын жалғыз басты зейнеткерлерге айтарлықтай қолайсыздықтар әкеледі!

Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледждің студенттері педагогикалық еңбек ардагерлеріне, әсіресе, қалың қар жауған кезде, қар басқан үйден шығу қиын болған кезде тұрақты негізде көмек көрсетеді.

Қарт адамдар әрдайым шатырдан, ғимараттар мен үйлердің жанында қарды өз бетінше алып тастай алмайды, бірақ бұл адам өмірі үшін өте маңызды. Сондықтан Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттері жалғыз басты қарт адамдарға көмектесіп, қар тазалау бойынша челленджді іске қосты!