Төменгі қалыпта дәнекерлеу технологиясы

19 қазан күні Жоғары техникалық колледждің дәнекерлеу шеберханасында “Төменгі қалыпта дәнекерлеу жіктерін орындау технологиясы”тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың мақсаты ЭГС-31 з топ студенттерінің дәнекерлеу жігінің технологиялық операцияларын жүйелі түрде орындауы болып табылды. Өндірістік оқыту шебері М.Б.Толстосумованың жетекшілігімен студенттер жапсарлы және бұрыштық жіктердің пластиналарын дәнекерледі. Сабақ барысында студенттер өздері үшін көптеген жаңа және қызықты нәрселерді таныды!