Ұлттық тенге – ұлт мақтанышы

2021 жылдың 17 қараша күні бухгалтерлік-технологиялық бөлім студенттері арасында қаржыгер (ұлттық валюта) күнін мерекелеу аясында оқытушы В.С.Тремасова мемлекет тәуелсіздігінің символдарының бірі – ұлттық валюта теңгеге арналған сыныптан тыс іс-шара өткізді.

         Өткізу мақсаты:

  1. Ұлттық атрибуттар мен рәміздерге, тарихқа, дәстүрлерге құрмет.
  2. Ұлттық валютаның мемлекет экономикасындағы рөлін көрсету.
  3. Студенттердің іскерлік қасиеттерін, арнайы пәндерді оқуға шығармашылық көзқарасын, таңдаған мамандығына құрметін дамыту.

         Іс-шара барысында ұлттық валютаның саяси және экономикалық маңыздылығы атап өтілді, студенттер Банкнот фабрикасының жұмысымен, мемлекетіміздің Теңге сарайымен, құру ерекшеліктерімен, сондай-ақ айналымнан алынған ақшаны өңдеумен танысты.

Теңге тәуелсіздіктің негізі ғана емес, сонымен бірге мемлекетіміздің толыққанды бөлігі, біздің уақытымыздың белгісі, ұлтымыздың мақтанышы болып табылады.

Қазақстандық теңге үнемі халықтың игілігіне қызмет етіп, елдің байытылуы мен гүлденуіне ықпал етсін.

Бухгалтерлік-экономикалық пәндер оқытушысы В. С. Тремасова