Отбасылық құндылықтар

2021 жылдың 08 қыркүйегінде Қазақстанда- Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде, Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде “Отбасылық құндылықтар, жастардың құқық бұзушылық мінез-құлқының алдын-алу факторы ретінде”тақырыбында интерактивті пікірталас өтті.

Отбасы-қоғамның ең басты ұясы. Онсыз мемлекеттің өмір сүруі мен дамуы мүмкін емес. Сондықтан отбасында достық, сау және қолайлы атмосфера құру елдің қалыпты дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бурабай ауданының жастар ресурстық орталығының психологы Г. А. Анисимова бухгалтерлік-технологиялық бөлімінің У-12 топ студентерімен мазмұнды интерактивті пікірталас өткізді.

Кездесу барысында студенттер отбасылық құндылықтардың басты ерекшелігі-олардың бағдары адамның, отбасының және жердегі өмірдің игілігіне бағытталғандығы туралы білді. Пікірталас тыңдаушылардың жүректерінде жанды жауап тапты!