Жарғысы

                                          Ақмола облысы әкiмдiгiнiң

                                                                 2011жылғы «17 » қаңтар

                                                                             № А-1/20  қаулысымен бекітілген

 

 

 

Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы

 «Щучье қаласы, жоғары техникалық мектебі»

 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының

Ж А Р Ғ ЫСЫ

 

 

 1. Жалпы ережелер

1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы «Щучье қаласы, жоғары техникалық мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы  мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық түріндегі заңды тұлғасы болып табылады.

2. Ақмола облысының әкiмдiгi Кәсіпорын құрылтайшысы болып табылады (бұдан әрі – өкілетті орган).

Құрылтайшы мен Кәсіпорын арасындағы қарым – қатынас Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3.  Кәсіпорын мүлкіне  катысты     мемлекеттік    коммуналды  меншік құқығының     қызметін     Ақмола облыстық әкімдігі іске асырады.

4.  Кәсіпорынның атауы: Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы «Щучье қаласы, жоғарғы техникалық мектебі» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

5. Кәсіпорынның орналасқан орны: 021700 Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылайхан көшесi, 50.

6. Кәсіпорын Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Щучье қаласы, техникалық колледжі» коммуналдық қазыналық кәсіпорынның барлық құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып табылады.

 

 2.      Кәсіпорынның заңды мәртебесі

7.  Кәсіпорын мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

8. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік Елтаңбасы   бейнеленген және кәсіпорынның атауы жазылған мөрі, бланкілері болады.

9. Кәсіпорын жергілікті басқару органының рұқсатымен  басқа заңды тұлға құра алады және оның құрылтайшысы бола алады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.

10. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

 

 3.  Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

11. Кәсіпорын өз қызметін техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында жүзеге асырады.

12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру Кәсіпорын мазмұны мен мақсат қызметі болып табылады.

13. Кәсіпорынға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, Жарғыда көрсетілмеген қызмет түрлерін іске асыруға рұқсат етілмейді.

4. Білім беру қызметін ұйымдастыру

4. Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары теориялық және өндірістік оқыту, кәсіптік тәжірибе бағдарламаларынан тұрады.

15. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары олардың мазмұнына және білім алушылардың даярлық біліктілігінің деңгейіне қарай мынадай білім беретін оқу бағдарламалары болып бөлінеді:

1) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің бұқаралық кәсіптері бойынша кадрлар даярлауды көздейтін.

Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны:

жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді, кәсіптік дағдыларды меңгеру бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;

білім алушыларға нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктіліктің белгіленген деңгейін (разряд, сынып, санат) беруді көздейді;

2) экономиканың барлық салаларында жоғары технологиялармен және кәсіптік қызметпен байланысты жұмыстарды орындаудың күрделі (аралас) кәсіптері мен практикалық дағдыларын меңгеруді көздейтін.

Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны:

жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды игеру және бекіту бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;

білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейін беруді көздейді.

3) орта буын мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін.

Оқу бағдарламасының мазмұны техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларының интеграцияланған  бакалавриат  оқу бағдарламасымен бірге оқытуды қарастырады.

16. Орта білім беруден кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны:

1) бакалавриат білім беретін оқу бағдарламаларымен интеграцияланған техникалық және кәсіптік білімнің практикалық-бағдарлық білім беретін бағдарламаларды оқытуды;

2) оқыту аяқталғаннан кейін  техникалық, қызмет көрсету және басқару еңбегінің маманы біліктілігін беруді көздейді.

17. Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

18. Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына және бағытына қатысты:

1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру;

2) қазіргі заман талаптарына сай келетін кәсіптік біліктілікті дамытуға бағытталған, мамандарды дайындау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқу бағдарламалары болып бөлiнедi.

19. Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар даярлайтын кәсіптік оқу бағдарла­маларының құрамдас бөлігі болып табылады.

Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда жүргізіледі, оқу – өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында, оқу – тәжірибеучакілерінде  және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған. Кәсіптік практика кезінде алынған өнім Кәсіпорынмен сатылады.

20. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны жұмыстық оқу бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады.

21. Кәсіптік практиканы өткізу үшін білім беру ұйымдары шарттық негізде практиканың базасы ретінде ұйымдарды белгілейді, олармен практиканы өткізудің келісілген бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.

Шарттарда білім беру ұйымының, практиканың базасы болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері мен жауапкершіліктері айқындалады.

22. Білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие үдерісі жұмыстың оқу жоспары мен жұмыстың оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

23. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдар­ламалары оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеле­нушілердің патриоттық, азаматтық, интернацио­налдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығу­шылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

24. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

25. Оқыту және тәрбиелеу тілі:

1) Білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2) Кәсіпорында  білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етіледі.

3) Кәсіпорында мемлекеттік тілмен қатар орыс тілінде білім алатын топтарға жинау жүзеге асырылады.

26. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады.

27. Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.

28. Аралық аттестаттаудан өткеннен кейін (әр оқыту курсынан кейін) білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (разряды, сыныбы, санаты) беріледі.

29. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

30. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:

1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды;

2) кәсіптік даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.

31. Оқытудың толық курсын аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға орта буын маманы біліктілігі беріледі.

32. Семестрлік қорытынды аттестация нәтижесі бойынша 3 және одан да көп пәндерден үлгермейтін білім алушылар колледжден шығарылады.

33. Оқу жылы екi семестрден тұрады. Оқу 1-шi қыркүйектен басталады және нақты мамандықтар бойынша оқу процесінің кестесіне сәйкес аяқталады. Демалыс ұзақтығы жалпы мемлекеттік бiлiм стандартына және оқу процесiнiң кестесiне сәйкес белгiленедi.

5. Кәсіпорынды басқару

34. Өкілетті орган:

1) Кәсіпорынды құру, қайта құру және оны тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорын Жарғысын бекітеді, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізеді немесе коммуналды мүлікті қарайтын өкілеттілікке,  жергілікті бюджеттен қаржыландыратын орындаушы органға өкілеттілік етеді.

3) Кәсіпорын бюджетінен қаржыландырылатын қызмет бағыттары мен міндетті жұмыс (қызмет) көлемінің  басымдылығын анықтайды.

4) Кәсіпорын даму жоспарын, олардың орындалу есебін қарастырады, және бекітеді.

5) Кәсіпорын даму жоспарының орындалуына талдау мен бақылауды жүзеге асырады.

6) Кәсіпорынға коммуналды мүлікті бекітеді.

7) Кәсіпорынға филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім береді.

8) Кәсіпорын мүлкін пайдалануға, кепілдікке, жалға беруге, тегін пайдалануға және сенімді басқаруға шешім қабылдайды.

9) Кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен пайдалануына бақылауды қамтамасыз етеді.

10) Кәсіпорынның мүлкін есепке алуды және тиімді пайдалануды ұйымдастырады.

11) Жарғыда және басқа Қазақстан Республикасы заңнамасында көрсетілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

35. Басшы кәсіпорын органы болып табылады.

36. Кәсіпорын басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпке сәйкес лауазымға тағайындалады және босатылады.

37. Кәсіпорын басшысы Кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен қаржы- шаруашылық қызметі үшін дербес жауапты болады.

38. Кәсіпорын басшысы кәсіпорындағы жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыру үшін дербес жауапты болады.

39. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:

1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;

2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;

3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;

4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу және тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;

5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;

6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауаптылықта болады.

40. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

41. Басшы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлық ақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады;

10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

13) Білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбие­леудің, еңбек пен тынығудың салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

6. Кәсіпорынның мүлкі

42. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.

43. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

44. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

45. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

46. Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда көзделген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.

47. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.

48. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

49. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

50. Кәсіпорынның мүлкіне жедел басқару құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 51-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

 

51. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорнынан бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

52. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

53. Осы Жарғының 49-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, негізгі құралдарға жататын, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, дебиторлық берешекті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімімен ғана (жергілікті атқарушы орган), беруге және есептен шығаруға құқылы.

54. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

55. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасау және дамыту бюджет қаражаттары, ақылы негізде көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер, Қазақстан Республи­касының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

56. Ақылы білім беру келісім-шарт талаптарында қызметтері мемлекеттік стандарт негізінде әзірленген оқу жоспары бойынша ұсынылады;

57. Кәсіпорын  білім басқармасының келісімі бойынша Кәсіпорынның қызметінде қарастырылған ақылы білім беру және басқа да қызметтерді көрсетуден түскен ақша қаражаттарына билік етеді.

58. Кәсіпорын студенттерге қажет емес жатақханалардағы тұрғын бөлмелерді жалға береді;

 

7. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

59. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

60. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

61. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.

62. Кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын уәкілетті органмен Кәсіпорын белгілейді.

63. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады). Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықтаған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

8. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

64. Кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.

  

9. Кәсіпорынның есеп жүргізу мен қаржы есебі

65. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.  

66. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

10. Кәсіпорынның жауапкершілігі

67. Жедел басқару құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған кезде, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

 

11. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

68. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

 

12. Жұмыс тәртібі

69. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

70. Жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 (қырық) сағатты құрайды.

71. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі 2 демалыс күнімен 5 күндік жұмыс аптасында күніне 8 сағаттық ұзақтылығы белгіленеді.

72. Қызметкерлер мен басшының жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасында көзделген кепілдерді ескере белгіленеді.

13. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

73. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын уәкілетті орган белгілейді.

74. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлық ақылар мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын дербес айқындайды.

 

14.  Халықаралық қызмет 

75. Кәсіпорынның халықаралық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

15. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату 

 76. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

 

< Вернутся к списку документов

Добавить комментарий