Қазақстан жыл сайын бұл күнді — 15 ақпанды, Ауғанстаннан әскерлерді шығару күнін атап өтеді

1989 жылы Кеңес Одағының үкіметі осы мемлекеттің аумағынан әскерлердің шектеулі контингентін шығарды. Бұл қорқынышты соғыс көптеген отбасыларға қайғы мен қасірет әкелді.

15 ақпаннан бастап Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде алғашқы әскери дайындық және әлеуметтік цикл пәндерін оқыту шеңберінде ерлік сабақтары өтті. Мақсаты отансүйгіштікті қалыптастыру, өз Отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімін, адамдарға құрмет сезімін тәрбиелеу, әскери қызметке жауапты қарау болып табылады.

Отансүйгіштік рухымен рухтандырылған сабақтар әсерлі болып, жоғары эмоциялық деңгейде өтті, бұл Отан қорғаушылардың, Ауған соғысында хабар-ошарсыз кеткендердің, мүгедек болғандардың, тірі қалғандардың, ұзақ және қанды Ауған соғысына қатысқандардың бәріне көрсетілген құрмет.

Студенттерге Ауғанстанда 15 мыңнан астам жас балалардың қайтыс болғандарын тағы бір рет еске салды!

15 ақпан – бұл соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алу күні! Бұл алыс Ауған жерінде өзінің соңғы сағатын қарсы алған балаларды еске алу күні.

Колледж студенттері өз ризашылықтарын білдіру ниетімен Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды!