Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен кездесу

17 қазанда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен, ювеналды полиция өкілі Е.Г. Свидзинскаямен жасөспірімдер қылмысының алдын алу және ұлтаралық келісім мәселелері бойынша кездесу өтті.

20 ғасырдың соңында ортақ тағдыр біріктірген көпұлтты Қазақстан халқы егемендікке, демократияға және әлеуметтік прогреске деген ұмтылысты растады. Бүгінде қазақстандықтардың бірлік пен тәуелсіздік уақыты, ал тағдыршешті өзгерістердің басты қорытындысы – Республикада азаматтық бейбітшілік пен ұлттық келісімді бекіту. Бұл туралы тарих пәнінің оқытушысы К.Е. Уразгожина студенттерге айттып берді.

Ювеналды полиция инспекторы 2019 жылғы статистикалық мәліметтер, сондай-ақ заңсыз мінез-құлыққа жол бермеу және қылмыстық әрекетке әкелетін зардаптар туралы айтып берді. Студенттер кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігіне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.