“Айбын” әскери-патриоттық жиыны

2019 жылдың 9-12 қазан аралығында Щучинск қаласында ҚР ҚМ Кадет корпусында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған Ақмола облысының колледж студенттері арасында “Айбын” әскери-патриоттық жиыны өтті. Мақсаты мен міндеттері : Жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің имиджін арттыру, Отан қорғаушы мамандығын танымал ету, өзара көмек көрсету және серіктестік қолдау сезімін тәрбиелеу. 

Аталған іс-шараға Щучинск қ., Жоғары техникалық колледжінің студенттері, құрамында 7 жасөспірім және 3 қыз бар: Матюшко Данил, Акименко Вячеслав, Зерзелиди Александр, Гарт Артем, Рудковский Владислав, Судак Владимир, Шапочка Роман, Жолдыбаева Камила, Савченко Ольга, Пядышева Снежанна белсенді қатысты.

Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу шарттарына 8 кезең кірді. Нәтижесінде ЖТК студенттері II жалпыкомандалық орынға ие болды. Жеке есеп бойынша I орынды Александр Зерзелиди, Камила Жолдыбаева және Ольга Савченко алды.

Оқытушы- АӘД ұйымдастырушысы М. Е. Маканов