Алғыс айту күні

Қазақстан аумағында 800 этномәдени бірлестіктері бар. Осында әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Мұның себебі тарихтың әр жылдары басқа мемлекеттерден жаппай жер аудару болып табылады. Елімізге қонақжайлылығы үшін Алғыс айту үшін Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді.

Алғыс айту күні-Бейбітшілік пен келісім саясатының символы.

Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде 24 ақпаннан бастап Алғыс күніне арналған мерекелік іс – шаралар басталды, оның негізгі мазмұны – біздің елімізде тұратын адамдар арасындағы достық қарым-қатынасты орнату, бірлік, мереке атмосферасын құру болып табылады! Жастар тарапынан қолдау мен ілтипатқа мұқтаж халықтың аса осал топтарына көмек көрсету!

3 наурыз күні Алғыс айту күніне арналған «Бір отан – бір отбасы» атты салтанатты жиын өтті.

03.02.2020 ж. – «Мейірімділік бар жер тамаша» – студенттік акция (сәбилер үйіне бару, тәрбиеленушілерге арналған шағын спектакль қою).

24.02-06.03.2020 ж. аралығында бірінші, екінші курс студенттері  «Жүрек жылуы» атты адам қарым-қатынасының мейірімділігі туралы пікір – эссе жазды.

24.02-06.03.2020 ж. «Өмірге риза болып, алғыс айт» – Қайырымдылық акциясы (зейнеткерлерге қар жинауға көмек көрсету, үй істеріне көмек көрсету).

Бұл күн-қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббаты мен достығының жарқын мерекесі.