Ауған соғысының ардагерімен кездесу

Жоғары- техникалық колледжінің «Қаржы» бөлімінің ІІ курс студенттері топ жетекшісі Шайкенова Самал Сагнаевнамен бірлесе отырып Щучинск қаласының тұрғыны Ауған соғысының ардагері, «Жауынгерлік қызмет медалі» мен «Қызыл Жұлдыз» орденінің иесі Каскенов Қайрат Айткожаевич керемет бір кездесу өткізді. 

«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып әңгімелеп бергендеріңізге көп рахмет!

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету біз үшін үлкен мақтаныш!