Мемлекеттік Рәміздер халқымыздың намысы

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Жоғары техникалық колледж студенттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздер күніне орай әлеуметтік желілер арқылы халқымызды осы мерекемен құттықтап, өздерінің патриоттық сезімдерін көрсету үшін фото және видео байқауларын ұйымдастырды. Ең басты мақсаты Елімізге, мемлекеттік Рәміздерімізге деген махаббатты көрсету болған сайыста студенттер өз шығармашылығын тамашалауға шақырады.