Педагогикалық құрамды сертификаттау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83бұйрығына өзгерістер еңгізілді.

2020 жылы жаңа ережелер бойынша аттестаттаудан өту үшін колледж оқытушылары 19 өтініш берді. Сәтті тестілеу және екінші кезеңнен өту нәтижелері бойынша 12 педагогикалық қызметкерлерге біліктілік санаттары берілді: -педагог-шебер – Ехласова М.К, Семкин А.В. -педагог-зерттеуші – Александрова Н.В, Злочевская С.В, Никонова С.А, Драбинская О.В. – педагог-сарапшы – Мамасалиева В.А, Хамидова Г.В. – педагог-модератор – Бутеев М.С., Рахимжанова З.И, Кусаинов И.М, Исаханова Т.Б.Педагогикалық құрамды аттестаттау – олардың кәсібилігі мен жұмысының сапасын бағалаудың маңызды процедурасы болып табылады. Аттестаттау көмегімен білім беру ұйымының жоғары кәсіби құрамы қалыптасады, бұл білім сапасының артуына алып келеді.