Студенттерге арнау

Бүгінгі  жаңа оқу жылының басында бірінші курс студенттерін не күтіп тұр? Күрделі дәрістер ме? Ауыр сессиялар ма? Аштық күндері ме? Әрине олай емес!

Ең бастысы – бұл Студенттер қатарына қабылдану, содан кейінгі осы айтылған тізімдер қатары!  Бұл алдағы 3-4 жылда туғаныңдай болып кететін колледж сахнасында өтеді!

24 қазан күні Жоғары техникалық колледж қабырғасында дәстүрлі бірінші курс студенттерін Студенттер қатарына қабылдау өтті! Бұл оқиға тек қатысушылар үшін ғана емес, сонымен қатар залда көрермендер үшін де нағыз мереке болды.

Әр оқу орнында университет немесе колледжде болсын, әр түрлі “қызықты” арнау сценарийлері бар. Биыл біз бірінші курс студенттеріне нағыз студенттік КТК ойынын ойнауға мүмкіндік беруді шештік!

Бірінші курстардың командалары визит карточкаларын ұсынды, онда студенттер ортасындағы өзекті тақырыптар, таңдаған мамандығының ерекшеліктері мен жалпы жастардың өмірі туралы әзіл-сықақ түрінде көрсетілді. Әрбір команданың өнер көрсетуі есте қаларлық, бірінші курс студенттері бес минут ішінде өз таланттарын көрсете білді: би, ән айту, сахналық шеберлік  пен әрине, ұшқын студенттік әзілдер!

Мереке сәтті өтті! Оқу жылының соңына дейін біз бірінші курс студенттері көрермендермен бөліскен позитивті және қуатты сақтаймыз деп үміттенеміз! Ал “студенттер қатарына жаңадан қосылғандарға” біздің сүйікті еліміздің нағыз патриоты болуға, тек қана жақсылыққа ұмтылуға және әрқашан алға қойған мақсаттарға жетулеріңе тілектеспіз!