Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары колледж» МКҚК көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2017 жылдың есебі

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары колледж» МКҚК келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  1. 803002 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру»
  2. 803007 «Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
  3. 803009 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»
  4. 803017 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»
  5. 803018 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»
  6. 803019 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»
  7. 403012 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиенушілер мен білім алушылардың жекеленген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыру ұсыну»
  8. 801015 «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру»

         Колледждің басым жұмысы студенттерді қабылдау болып табылады. Мәселен, үш ай ішінде (маусым-тамыз) колледжде қабылдау комиссиясы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізді.

Бурабай ауданының қоғамдық-саяси “Луч”  газетінде талапкерлер мен олардың ата-аналарының тәртібі және мүмкіндіктері туралы мемлекеттік қызметті алуына хабардар ету үшін мамыр айында мемлекеттік қызмет көрсету стандарты жарияланды. Мемлекеттік қызмет стандартта және регламентте белгіленген талаптарына сәйкес көрсетілді.   «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау” мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша қабылдау комиссиясының жұмыстарына  шағымданған жоқ.

Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат оқу орнының VTSH.kz и pt0006.burabay.akmoedu.kz ресми интернет-желілерінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері көрсетілген «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі бар. Бас корпус пен жатақханада ақпараттық стендтер жаңартылып Жоғары колледж құрылымдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат орналастырылған.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанарлық деңгейін көтеру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес және ҚР “Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңының 2б. 5 т. орындау барысында  «Мемлекеттік қызметті алу кезінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қажетті жағдайлар жасау»  Жоғары колледжде барлық қажетті жағдайлар жасалуда: бас ғимарат сырғыма баспалдақпен жабдықталған, шақыру түймесі орнатылды, мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдер 1 қабатта орналасқан.

Ақпан айында мектеп директоры және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуін бақылауға алатын жауапты тұлғамен «Білім беру саласында сапалы мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсын өтті. Курстардың қорытындысы бойынша колледждегі өзгерістерді айқындай отыра, Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  уақыт тәртіптері мен негізгі ережелерді түсіндіру мақсатымен сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуіне  жауапты тұлғалармен жиналыс өткізілді.

2017 жылы Жоғары колледждің көрсетілген мемлекеттік қызметтері:

  1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» МҚ – 171
  2. «Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы – 19
  3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» МҚ- 298
  4. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» МҚ – 6
  5. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» МҚ – 74
  6. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» – 0
  7. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиенушілер мен білім алушылардың жекеленген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыру ұсыну» МҚ – 0
  8. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» МҚ – 2

Осымен  2017 жылы 576 қызмет көрсетіліп, 2016 жылмен салыстырғанда 63 қызметке көбірек  көрсетілді.

Жоғары колледж мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру сұрақтары бойынша жұмыстары  жалғасуда.