«Тіл парасат» атты аудандық байқауы

Щучинск қаласында, Бурабай  ауданының  мәдениет  және  тілдерді  дамыту бөлімі  мемлекеттік  тілді  меңгерген  орыс жастарын  анықтау  және ынталандыру, Қазақстан  тәуелсіздігінің  нышаны  ретінде  мемелекеттік тілге  құрметпен  қарауды  қалыптастыру, тіл  мәдениетінің  деңгейін  және мемлекеттік  тілді  қолдану беделін  арттыру  мақсатында  орыс  жастары арасындағы  қазақ  тілі  білгірлерінің  «Тіл парасат»  атты  аудандық  байқауы  өтті. Байқау  қазақ  тілінде  ұйымдастырылды,  оған  Щучинск қаласының колледждері, кадет корпусы және мектептер қатысты. Әр ұйымнан  талантты,  дарынды  қазақ  тіліне  деген  сүйіспеншіліктері  мол қатысушылар  қатысты,  олар  өздерінің  шығармашылықтарын  жан – жақты шынайы  түрде  әділ – қазылар  алқасына  және  көрермендерге  көрсете білді.

Байқау  қортындысы  бойынша  Щучинск  қаласындағы  Жоғары  колледж  ПО-22  тобының  студенті   Невдашева   Татьяна  өзінің  қазақ  тілінің  жетік білуімен , әсіресе  халықты  өзінің мәнерлеп оқуымен  тебірентіп,  жүлделі  1- орынға иеленді.

 

Щучинск қ., Жоғары колледж тілдер және әдебиет

әдістемелік  бірлестігінің төрағасы Ә.Б.Мұқатаева

 

Барлық фотосуреттер біздің ВК тобымызда https://vk.com/greatcollege