Қазақ десең, Абай түсер есіңе…………………..

  Щучинск қаласындағы Жоғары колледжде  мамыр айының  15 жұлдызында «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы  аясында  «Ұлылар поэзиясы» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Аталған іс-шараға  «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы бойынша оқитын ЭМ-42 тобының студенттері Есенжол Қызжібек, Сапарбек Шыңболат, сондай-ақ   ПО-23 тобының студенттері Қантай Жандос, Continue reading Қазақ десең, Абай түсер есіңе…………………..

«Тілдарын» лингвистикалық олимпиадасы

Бүгінгі  өскелең  ұрпақ нағыз  білімді,

жан-жақты  дамыған, бірнеше  тілді 

меңгерген,  нағыз  өз  елін  сүйетін,

 ұлтжанды  азамат  болуы  керек. 

Н.Ә. Назарбаев Continue reading «Тілдарын» лингвистикалық олимпиадасы

Менің мамандығым – қаржыгер.

Біз 21 ғасыр жастары-болашағы жарқын, рухани байлығы мол, күн сайын жаңа белестерге шығып, гүлденіп келе жатқан мемлекеттің тұрғындарымыз.

 Қазақстан –  туған жеріміз, туып өскен еліміз. Әр казақстандықтың жүрегінде өз елім үшін қызмет етсем екен,дамуына көмек берсем екен деген ой қалыптасуы тиіс. Ата-бабаларымыз жас ұрпақтың болашағы үшін өз өмірлерімен қош айтысып, жері үшін,елі үшін күрескен. Енді келесі кезек біздерде. Алдымызға қойылатын негізгі міндеттеріміз – жақсы білім алып, келешекте жақсы маман атанып, еңбегімізді аямай, қызмет жасауымыз керек. Еліміздің жағдайын біз жас қазақстандықтар? ойламасақ, басқа біреу ойлайды ма?! Continue reading Менің мамандығым — қаржыгер.

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары колледж» МКҚК көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2016 жылдың есебі

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары колледж» МКҚК келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  1. 803002 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру»
  2. 803007 «Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
  3. 803009 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»
  4. 803017 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»
  5. 803018 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»
  6. 803019 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»

Continue reading Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары колледж» МКҚК көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2016 жылдың есебі

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе.

«Абай Құнанбаев- қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ» деп, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов жазғандай,  Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің  өміршеңдігімен мәңгі  жасайтын  ғажап туындылар екені баршамызға мәлім.

Иә, Абайдың  асыл сөздері- қанша ғасыр өтсе де, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтеп, шөліркесе сусын болып, сондай-ақ,  рухани бірлікке, өнер-білімге, ғылымға шақыратын, жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін сөздер.  Аты күллі әлемге әйгілі, Ұлы кемеңгер, ойшыл Абай  шығармашылығын насихаттау бағытында, Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы аудандық орталық кітапханасында қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында 2016 жылдың 14 сәуірінде өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары» аудандық байқауы болып өтті.

Continue reading Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе.

«Серпін-2050» білім беру бағдарламасы бойынша Оңтүстік өңірінен 25 студенттер Щучинск қаласының Жоғары техникалық мектебіне қабылданды

2014 жылдан бастап Қазақстанда «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында «Серпiн – 2050» жаңа білім беру бағдарламасы жұмысын бастады. Бағдарлама жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетуге және кадрлармен қамтуға бағытталған. Бұл бағдарлама үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арнайы үлес бөлген.

«Серпін-2050» бағдарламасының негізгі мақсаты – елді индустрияландырудың келешекте даму жоспарларының және еңбек ресурстарын тиімді бөлудің негізінде аймақтарда талап етілетін мамандықтарды дәріптеу.

«Серпін-2050» республикалық бағдарламасы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жастарына арналған.

Continue reading «Серпін-2050» білім беру бағдарламасы бойынша Оңтүстік өңірінен 25 студенттер Щучинск қаласының Жоғары техникалық мектебіне қабылданды