Ұстаздық-ұлы қызмет!

Әр сөзі мейіріммен басталатын.

Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын

Білімнің нәрін сепкен жас маманның

Қалайша атамасқа асқақ атын!

Көкшетау қаласында өткен Ақмола облыстық білім басқармасы «Облыстық оқу-әдістемелік кабинет» ұйымдастыруымен 2018 жылдың 23 қазан айында Жас мамандардың «Педагогикалық дебют» облыстық форумда жүлделі І-орынға ие болған жоғары колледждің жас маманы                  Рамиль Маратович жеңімпаз атанды.

«Жетістік жас талғамайды» дегендей Рамиль Маратович өзінің білімділігімен және өз қызметіне сүйіспеншілігімен 100-ге жуық жас мамандар арасынан осындай биік шыңды бағындырып, көпшілік ықыласына бөленді!

Рамиль Маратович Сіздің ұстаздық жолына шығармашылық табыс тілей отырып, болашағыңыз берік, келешегіңіз кемел болсын дегіміз келеді! Еңбек жолыңызда сәттілік көп болсын!

Авторы: Өтетілеу А.Ө.

Все фото в нашей группе ВК https://vk.com/greatcollege