Ақмола облысындағы «Еңбек жолы»

     Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасы әлеуметтік қызметкер күнін мерекелеу аясында 2019 жылы 30 қазанда Көкшетау қаласының «Достар» МҮ «Еңбек жолы» конкурсының аймақтық жеңімпаздарын марапаттаумен салтанатты іс-шара өткізілді.

Бұл байқауға үш номинация бойынша Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж оқытушылары белсенді қатысты:

«Үздік еңбек әулеті» номинациясында – Пальцева – Шпара – Зубовтар және Жүнісовтар әулеті;

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында – Майра Қадірқызы Ехласова және Клара Серікқызы Жансеитова;

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында – Алексей Юрьевич Зубов және Жұлдыз Нұрланқызы Жүнісова.

      «Еңбек жолы» байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпаздары анықталды:

«Үздік еңбек әулеті»  деп Пальцева – Шпара -Зубовтар әулеті танылды;

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Майра Төребекқызы Исаева Степногорск қ. «ЕПК Степногорск» АҚ техникалық бақылау бөлімінің магниттік бақылау бойынша дефектоскопист атанды;

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында Степногорск қ. «Степногорск тау-кен-техникалық комбинаты» ЖШС диірмен машинисі Бақытжан Асылханұлы Қайбасов жеңіске жетті.

       Басқарма басшысы Б.Л.Мұстафин конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларын дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.                  

Шудабаева Р.Ж., колледждің кәсіподақ ұйымының төрағасы