Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі

Адамдар жұмыс күндеріне кірісіп, жақындарына қамқорлық пен көңіл бөлу туралы ұмыта бастады. Наурыз мейрамы қарсаңында Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде “Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Колледж студенттері мереке күндері барынша көмек көрсетуге және педагогикалық еңбек ардагерлерінің назарын аударуға тырысты.

Біз педагогикалық еңбек ардагерлерінің өмірі қамқорлыққа толы болуы үшін және ризашыл студенттер тарапынан шынайы қолдауды сезінуі үшін колледждің волонтерлік жұмысы күнделікті өміріміздің  ажырамас бөлігіне айналуы үшін бар күшімізді саламыз!