Оқу орыны туралы мәлімет

1. Серпiндi бағдарлама «СЕРПІН – 2050»

2014 жылдан бастап Қазақстанда      «Серпін- 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді.

Бағдарламаның мақсаты –  еңбек ресурстарының  артықшылығы бар   еліміздің оңтүстік өңірінің (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғытау облыстары)  жастарын, кадрлар жетіспей отырған аймақтарда – шығыс, батыс және солтүстік Қазақстанда оқытып, жұмысқа орналастыру.


2. Материалды-техникалық базасы
     

Жоғары техникалық мектеп – 80 жыл ішінде кәсіби білімнің үздік дәстүрін сақтаған, Қазақстанның белгілі оқу орындарының бірі.

         Бұл мемлекеттік білім ордасында бай материалды база, білімді де білікті оқытушылар құрамы бар,  және де ақпараттық технология мен жаңа педагогикалық жақтары бойынша үнемі даму үстіндегі оқу орны.

ЖТМ техникалық мамандық студенттері үшін заманауи  оқу құралдарымен жабдықталған, әр қайсысына 15 тен 20-ға дейінгі зертханалық жұмыстар атқарылатын 17 зертхана бар.  Слесарлы және токарлы, электромонтажды т.б. жаңа станоктары мен оқу стендтермен жабдықталған, бес оқу шеберханалары бар.

теориялық оқыту үшін 48 оқу кабинеттері,17 – зертхансы, 9 – компьютерлік сынып, 4- интерактивтік тақта,1 — лингафондық мультимедиалық сынып,  3 – мультимедиалық цифрлік подиум,  3 – спорт және жаттығу залы, 1 – мәжіліс залы, 5- шеберханалары  бар.

Автосынып пен  оқу полигонында оқушылар жүргізушілік машығын алады. Сондықтан да оларға дипломға  «ВС»  санатының жүргізушісі күәлігін алуға мүмкіншіліктері бар.

Заманауи  компьютерлерімен  жабдықталған тоғыз кабинет, бай кітапхана қоры, оқу залы мен медиотека оқушыларға электрондық оқулық пен  Интернет желісі ресурстарын емін-еркін қолдануларына мүмкіншілік береді.

Электрлік машиналар мен электр өткізгіштер зертханалары


Металлтану зертханасы

Электромонтаждық шеберхана

Өндірістік үрдістегі автоматтандырылған зертханалардың құрылғылары


Сандық басқару бағдарламалы станоктар



Лингафон кабинеті


Компьютерлік класстарды интерактивті тақталар мен сандық мінбелермен жабдықтау


Электрлік өлшеу зертханасының құрылғылары

Жаңғыртылған энергия көздері зертханасы


Тау –кен машиналарының зертханасы




Техникалық механика кабинетінің зертханалық

 

3. Инженерлі – педагогикалық құрамы

 Білікті оқытушылар құрамы- 73 адам, оның ішінде: 2 оқытушы- Қазақстан Республикасының  білім үздігі,1оқытушы – Қазақстан Республикасыныңбiлiм беру ісінің құрметті қызметкері,2 оқытушы- «Ыбырай Алтынсарин»  төс белгісімен марапатталған ,1оқытушы- педагогика ғылымдарының кандидаты және 2 оқытушы- Республикалық «Үздік педагог» атауының иегері.  Біліктіліктері  бойынша                                               жоғары санатты – 29 адам, бірінші санатты – 11адам, екінші санатты -18.