Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы 15.03.22

15 наурызда Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінің Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында келесі мәселелер қарастырылды: колледждің материалдық – техникалық базасын нығайтуға, оның ішінде демеушілік қаражатты тарту арқылы көмек көрсету

WSK қатысушыларын дайындауда көмек көрсету (Аймақтық және Ұлттық кезеңдер)

Жатақханада тұратын студенттер мен жетім студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын бақылау.

Қамқоршылық кеңестің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес отырыстың барлық маңызды сәттері сәтті талқыланды, қамқоршылық кеңестің мүшелеріне осы мәселелер бойынша бейне және фотосурет материалдары ұсынылды.