«Қазіргі замандағы өнер негіздері. Интуитивті шығармашылық» атты мастер-класс

13 желтоқсан күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжде Д-31 тобында «Қазіргі замандағы өнер негіздері. Интуитивті шығармашылық» атты мастер-класс өткізілді.

Іс-шараны өткізу үшін белгілі шығармашылық қайраткер, педагог, Еуропалық шығармашылық гильдиясының мүшесі Юсуф Жагипарович Крыкбесов шақырылды.

Мастер-класс барысында студенттер қазіргі заманғы шығармашылықтың бір түрімен танысты, өз ұстанымын және жалпы қазіргі заманғы өнердің көзқарасын білдірді, шығармашылыққа интуитивті тәсіл негізінде графикте эскиздерді орындау кезінде өз күштерін сынап көрді.