Ақмола облысының білім басқармасы облыс жас педагогтардың IV облыстық форумы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Ақмола облысының білім басқармасы облыс жас педагогтардың IV облыстық форумын өткізді. Біздің колледжден форумға Зубов Алексей Юрьевич қатысты.

 Алексей Юрьевич 1993 жылы 5 сәуірде туды. Колледжіміздің түлегі (2009-2012жж). 2016 жылдан бастап экономикалық пәндер оқытушысы қызметін атқаруда. Пәндерді мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытады.

 Ол төртінші ұрпақтағы педагогикалық әулеттің өкілі. Біздің колледжде Зубовтар отбасының жалпы еңбек өтілі 152 жыл.

 Республикалық «Еңбек жолы» байқауының үздік жас ұстаз номинанты