“Адалдық алаңы” жемқорлыққа қарсы жобасы

“Адалдық алаңы” жалпы республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде студенттер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сауалнама өткізілді. Жобаның мақсаты: сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, парақорлықты жою, қолайлы жағдай жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.