Алғыс айту күні

28 ақпанда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі керемет мерекелердің бірі-Алғыс айту күніне арналған іс-шараларды өткізуді бастады.
Мереке қарсаңында студенттер дәрісханаларда, оқу ғимараттарының фойелерінде, колледж жатақханаларында стендтерді ресімдеді. Бас ғимараттың оқу залында мереке тақырыбы бойынша материалдар жинақталған көрме ашылды.
Колледж студенттері аудандық «Алғыс айту – ұлы қасиет» атты іс-шараға белсене қатысты.