Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні

15 ақпан, Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні – Қазақстан жыл сайын осы күнді атап өтеді. Бұл қорқынышты соғыс көптеген отбасыларға қайғы мен мұңды әкелді.

Бекітілген жоспарға сәйкес Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінде осы атаулы күнге арналған іс-шаралар басталды.

10-28 ақпан аралығында әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар өтеді: алғашқы әскери дайындық сабақтары аясында ерлік сабақтары, пневматикалық винтовкадан ату бойынша жарыстар.

Колледждің оқу залында Ауғаныстандағы отандастарымыздың ерліктері туралы «И им пришлось испить ее до края…» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 22 ақпанда «Ауған соғысы жүректерге жара салады…» кураторлық сағаты өтеді, оның мақсаты патриотизмді, ыстық нүктелерде болған адамдарға деген құрметті, әскери қызметке жауапты көзқарасты қалыптастыру болып табылады.