«Бұрымды қыз» аудандық байқауы

2022 жылдың 25 ақпанында «Оқжетпес» МҮ «Бұрымды қыз» аудандық байқауы өтті.
Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің атынан Ф-21 тобының студенті Абдикаримова Айлана қатысты. Сайыскерлер қазақ халқының салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдері туралы білімдерінде және әрине өздерінің ұзын шаш өрімдерінің әдемілігі мен жарысты. Айлана «Ақылды қыз» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.