Бурабай АПБ ювеналды полиция инспекторлары Е.К. Бекентаев пен Ж. А. Жаксылыкова «Салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік»

2022 жылғы 16 наурызда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бурабай АПБ ювеналды полиция инспекторлары Е.К. Бекентаев пен Ж. А. Жаксылыкова «Салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік»тақырыбында жатақханада тұратын колледж студенттерімен кездесті. Салауатты өмір салты денсаулықтың маңызды себептердің бірі болып табылады-ол еңбек белсенділігін арттырады,физикалық және психикалық жайлылықты тудырады, өмірлік ұстанымды белсендіреді , жалпы жағдайды нығайтады. Нөлдік төзімділік дегеніміз не? Нөлдік төзімділік-бұл азаматтардың теріс реакциясы немесе ең ұсақ құқық бұзушылықтарға да төзгісі келмеуі. Елдегі қылмыс деңгейін төмендету және Қазақстандағы қоғамдық қауіпсіздікті арттыру үшін 2012 жылдан бастап қоғамға ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік ахуалын енгізу саясаты белсенді іске асырылуда
Кездесу барысында студенттер құқық қорғау органдарының өкілдеріне сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.