Игі істер автобусы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс -шаралар аясында Жоғары техникалық колледжі «Игі істер автобусы» жобасын жүзеге асыруға қатысты.


Екі күн ішінде Бурабай ауданының ауылдарында (Кенесары және Абылай хан ауылдары) оқытушылар, ө/о шеберлері және колледж студенттері халыққа, әкімдіктер мен мектептерге шаштараз сервисі, дәнекерлеу ісі қызметтері, электр жабдықтарын, компьютерлік техниканы және бағдарламалық қамтамасыз етуді жөндеу саласында қызметтер көрсетті.