Көшпенділер стиліндегі Рождество

27 қарашада Д-31 тобының студенттері еуразиялық шығармашылық гильдиясының резиденциясында ұйымдастырылған “Көшпенділер стиліндегі Рождество/өз қолдарымен безендіру” атты сәндік-қолданбалы өнер бойынша мастер-класс сериясына қатысты. Студенттер жаңа жылдық гүл шоқтарын, сәндік ойыншықтарды, сыйлықтарға арналған шұлықты, шыршаға арналған әшекейлерді дайындауға қатысты. Іс-шара достық, көңілді, мерекелік атмосферада өтті, өзінен кейін жағымды әсер қалдырды.