Коронавирустық инфекцияға қарсы Ашық есік күні

2021 жылдың 05 Қарашасында Жоғары техникалық колледжде Авиценна-Бурабай дәрігерлері мен студенттердің қатысуымен “Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе мәселелері бойынша Ашық есік күні” іс-шарасы өтті.  Кездесуге колледждің 150-ге жуық студенті қатысты. Студенттер  коронавирустық инфекция мен екпеге қатысты белсенді сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды. Сондай-ақ, колледж базасында екпе  пункті ашылды. Екпе салғызғысы келетін алғашқы адамдар сыйлық сертификаттарын алды.

Бүгінгі таңда екпе-коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатудың және қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы.