Мәдениетаралық, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстарға жол бермеу, тұрақтылық пен әл-ауқаттың жеке және қоғамдық өсуінің негізі ретінде

Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мәселесі Қазақстан үшін басым міндетке айналды. Қазіргі уақытта Қазақстан өзінің этносаралық және конфессияаралық келісімімен бүкіл әлемге танымал, ол түрлі ұлттар мен діндердегі адамдардың жан дүниесінде бейбітшілікті, өзара түсіністік пен сенімді сақтай алды.

10 қараша Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледждің бекітілген жоспарына сәйкес этносаралық қатынастарды үйлестіруге және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар басталды. 10-30 қараша аралығында колледж студенттері барлық өткізілетін іс-шаралардың белсенді қатысушылары болды ол: құқықтық және саяси тақырып бойынша, спорттық, әскери-патриоттық, әртүрлі ұлттардың дәстүрлі халық өнері мен қолөнерінің көркем көрмелері.

Көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет бола отырып, Қазақстан өзінің өнегесінде шығу тегі мен діни сенімі әртүрлі адамдардың бейбіт қатар өмір сүру мүмкіндігін көрнекі түрде дәлелдейді және діндердің жаһандық диалог алаңы болып табылады.