Ұлыстың ұлы мерекесі- Наурыз мейрамы

Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде Ұлыстың ұлы мерекесі- Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар жалғасуда.
Студенттер әдеби және зияткерлік байқауларға үлкен ықыласпен қатысады, мол достархан жасап, шай ішіп, қайырымдылық акцияларына қатысады, жалғыз басты зейнеткерлер мен педагогикалық еңбек ардагерлеріне көмек көрсетеді.  
«Жаңарған жер, бақ қон нұрлы ел»-достық фестивалі барлық мерекелік іс – шараларды дәстүрлі түрде қорытындылайды.