Оқытушыларды аттестациялау

Оқытушылар әрқашан жаңа нәрсеге деген жоғары құштарлығымен ерекшеленді. Ал біздің заманымызда колледж әкімшілігі тарапынан да, студенттердің өздері және олардың ата-аналары тарапынан да оқытушылардың кәсіби қызметіне ерекше талаптар қойылады. Оқытушылардың кәсіби өсу мәселесін шешуде оқытушыларды аттестациялау маңызды рөл атқарады
Аттестацияға дайындала отырып, оқытушылар жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар педагогикалық тәжірибемен көбірек алмасуға мүмкіндік беретін көптеген біліктілікті арттыру курстарға, мастер-класстар мен байқауларға қатысады.
Желтоқсан айында колледждің бұйрығымен 3 оқытушы (Өмірбек Г.Д., Ескендір Қ.Қ., Тукубаев А.С.), 3 ө/о шебері (Алаш А.С., Тюлюбаева Ж.С., Шинкаренко С.В.) және тәрбиеші Г.Г. Герасимоваға – педагог-модератор санаты берілді.
Ақмола облысы білім басқармасының бұйрығымен колледж директорына «екінші санатты басшы» санаты және 7 оқытушыға: педагог-зерттеуші – Сонина Т.Ю – арнайы пәндер оқытушысы, педагог-сарапшы – Басымова А.Ж – химия пәнінің оқытушысы, Посметухова К.Н. – арнайы пәндер оқытушысы, Толстосумова М.Б., Хомидова Г.А. Коломиец О.В – ө/о шеберлері және педагог-модератор- Турищева Э.В. – құқық негіздері пәнінің оқытушысы біліктілік санаттары берілді.