Республикалық кәсіби шеберлік байқауы

2022 жылдың 3-4 мамыр аралығында Хромтау қ. Хромтау тау-кен-техникалық жоғары колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі педагогтардың тау-кен металлургия саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Ақмола облысынан байқауға біздің колледждің арнайы пәндер оқытушысы Ширшов Денис Андреевич қатысып, 3 орынға ие болды.