“СӘКЕН ЖҮНІСОВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК”

ТАҚЫРЫБЫНДА  «АДАЛДЫҚ  САҒАТЫ”

Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде 8-12 қараша аралығында Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінде Қазақ жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық арасында өзінің көпқырлы таланты үшін «Сәкен-сері» ретінде танымал Сәкен Жүнісовтың еңбектеріне арналған кезекті «Адалдық сағаты» өткізеді.

Сәкен Жүнісов жан-жақты, білімді, өнердің түрлі саласынан өзін танытқан тұлға. Ол өлең жазған, ән айтқан, домбыра ойнаған, сурет салған. Әдебиет майталманы елдегі мәселеге еш уақытта бейжай қарамаған.

Жазушы дүниетанымы кең, жас ұрпақтың өміріне көп көңіл бөлді. Сәкен Жүнісов сияқты қазақ халқының көрнекті тұлғалары қазіргі жастар үшін үлгі болып табылады.

Іс-шараларға барлығы 200-ден астам студент қатысты. Кейін бейнеролик көргеннен  кейін оның мазмұнына жанды толқылау жүргізілді. Мұндай іс-шаралар жастардың жүрегінде жағымды эмоциялар мен естеліктер қалдырады!  Егер қазіргі ұрпақ әділдік жолымен жүріп, өз ұлтын сүюді және елге адал қызмет етуді үйренсе, онда біздің болашағымыз жарқын және гүлденген болары сөзсіз.