Студенттерді Аяз Ата мен Ақшақардың құттықтауы

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде студенттерді Аяз Ата мен Ақшақардың құттықтауы ұйымдастырылды . Оқушылар өлең айтып , жаңа жылдық әндер айтып, тәтті сыйлықтар алды. Аяз ата мен Ақшақар студенттерге оқуда табыс, жарқын сәттер мен тілектердің орындалуын тіледі. Балалар ертегі кейіпкерлерінің келуіне қуанышты болды.