«Заңды біл» және «Қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу» тақырыбында тәлімгерлік сағаттар

01 Ақпанда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде 1-4 курс студенттері арасында «Заңды біл» және «Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу» тақырыбында тәлімгерлік сағаттар өтті. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу шаралары қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтау, тиісті ұсыныстар енгізу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Құқықтар мен заңдарды білу қоғам өміріне белсенді қатысуға, өз өміріне және басқа адамдардың өміріне жауапкершілікпен қарауға көмектеседі. Заңдарды біле отырып, адам өзін қылмыстардан қорғайды.

Тәлімгерлік сағат барысында студенттер ұрлық, тонау, қарақшылық, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және т. б. сияқты қылмыстық заңнаманың негізгі баптарымен танысты.