Щучинск қаласындағы №9 мектеп-гимназиясында жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмыстары

Биылғы 2017-2018 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы Щучинск қаласындағы №9  мектеп-гимназиясында оқу жылының екінші жартысынан басталды. Аталған мектепте жоспар бойынша жұмыс өткізуге жауапты оқытушылар:  ХасеноваА.Т., Мукатаева Ә.Б., Өмірбек Ғ.Д., Имаканов Б.Н. Кәсіби  бағдарлау  бойынша  ұйымдастыру  жұмыстары мектептің   оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары  Е.Абдоллаұлымен  кездесуден басталды. Мектептегі оқушылар туралы мәлімет, ақпарат  алынып, сынып жетекшілерін мамандық таңдауға бағыт беру жұмысының жоспары, мазмұнымен таныстырды. Кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу барысында 9- сынып оқушыларының Жоғары колледждің ЭМ-42 топ студенттерімен кездесу өтті. Сынып сағатын «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», деген  Ж.Аймауытовтың сөзімен бастады. Негізгі мақсаты оқушыларды кәсіптілікке бағыттау болып табылады. Мұндағы ең маңыздысы әр оқушы өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. Қазіргі ғасырдың талабы қиын, нарық заманы, яғни әрбір оқушы өз – өзіне жауап беретін заман. Қоғамның талабы бойынша мамандық таңдау алдында ақыл таразысына салып, жан – жақты ойланып барып шешім қабылдауы тиіс. Студенттер мамандық таңдау жайлы ақпарат беріп, өзіндік пікірлерін  тыңдап, ойларын еркін айтуға баулыды. Оқушылармен әр түрлі ойындар өткізді. «Мамандықты таңдауда ұстанатын ережелер» тақырыбы бойынша кеңестер  берді.

Эта запись была размещена в Мероприятия автор Admin_2 (постоянная ссылка).