Студенттерінің Бурабай ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен және жұмыс берушілермен кездесуі

22 ақпанда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің мәжіліс залында тәжірибелерді ұйымдастыру бөлімінің және кәсіптік бағдарлау және Мансап орталығының жұмысы шеңберінде оқу орнының бітіруші топтары студенттерінің Бурабай ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен және жұмыс берушілермен кездесуі өтті.
«Бурабай ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ басшысы Жанар Мақсұтқызы Айтмағанбетова алған мамандығы бойынша нөлдік еңбек өтілі бар колледж түлектерін жұмысқа орналастыру бағдарламалары (Жастар тәжірибесі, Ұрпақтар келісімшарты және Алғашқы жұмыс орны), осы бағдарламалар бойынша жұмыс орнын алу өзгешеліктерін, жұмыс шарттары және еңбекақы туралы айтып берді. Болашақ түлектердің сұрақтарына жауап берді.
Бурабай Дискавериінің HR директоры Виктория Сергеевна Мягких білім алушыларға кәсіпорын бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, бос жұмыс орындары, Тәжірибелік оқыту шарттары және одан әрі жұмыс, кәсіпорын қызметкерлеріне арналған әлеуметтік пакет, өсу болашағы туралы айтып берді
Торичная Ирина Александровна, Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде тәжірибе меңгерушісі, студенттерге кәсіби тәжірибенің маңыздылығы және оларды өту барысында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы үндеу жасады (тәжірибе).
Кедесу тақырыбы білім алушылар тарапынан үлкен қызығушылық ауласты, сұрақтар қойып, қонақтардан толық жауап алды.