«Төлеген Қажыбай-шындықты жырлаған ақын»

«ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЙ-ШЫНДЫҚТЫ ЖЫРЛАҒАН АҚЫН» АТТЫ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТУДЕ

Жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды белгілі тұлғалардың еңбектері арқылы қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінде 1-9 қыркүйек аралығында ақын, жазушы, журналист және қоғам қайраткері Төлеген Қажыбайға арналған «Адалдық сағаты» өткізіледі.
Сондай-ақ қоғам қайраткері жастарға көңіл бөлініп, олардың дамуына жағдай жасалуы керек деген пікірді ұстанды. Уақыт – адамзаттың кері қайтара алмайтын асыл қазынасы, құны жоқ байлығы. Сондықтан Төлеген Қажыбай жастық шақтың қуатын елінің еңселілігі, жерінің есендігі үшін жұмсаудың қаншалықты бақыт екендігін айтады.