ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВТЫҢ ӨМІРІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕ БЕКІТІЛГЕН ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫШ-ШТУРМОВИК, ҚАЗАҚСТАН АВИАЦИЯСЫНЫҢ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ЕКІ МӘРТЕ БАТЫРЫ ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВТЫҢ ӨМІРІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

Ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шараларда Талғат Бигелдинов өмір сүрген жарқын өмір және тек отандық авиацияның ғана емес, жалпы еліміздің дамуына қосқан үлесі талқыланды. Оның өмір жолы жас ұрпаққа еліктеуге лайық!