Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар

25 сәуірден бастап Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар басталды. Осы үш күн ішінде іс-шараларға 500-ден астам колледж студенттері қатысты.
«Достық шаңырағының астында» тәлімгерлік сағаттар сериясы өтті, 1-курс студенттері «Халықтар достасады– тілдер достасады» викторинасына қатысады, 1-2 курс студенттеріне «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» мақал-мәтелдерінің білгірлері үшін викторина өтеді.
Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеудің маңызы зор! Студенттер қазақ халқының мәдениеті туралы ғана емес, сонымен қатар біздің көпұлтты Республикамыздың аумағында тұратын басқа ұлт өкілдері туралы білімдерін кеңейтеді. Барлық мерекелік іс-шаралар барлық Қазақстандықтарды біріктіруге бағытталған!