Қазақстан халқының бірлігі мерекесі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі болып табылады, ол Қазақстадағы – түрлі этностардың өкілдері достық пен келісімде өмір сүретін көп ұлтты мемлекет екенін білдіреді. 1 мамыр күні қазақстандық отаншылдық, өз Отанына деген адалдық мерекесі болды
1 мамыр мерекесіне орай Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде өткізілген іс – шаралар жоспарына сәйкес, колледж студенттері жеті түрлі іс-шараға қатысты – бұл тәлімгерлік сағаттар сериясы, ағаш отырғызу бойынша «Жер-біздің ортақ үйіміз» акциясы, «Халықтар достасады-тілдер достасады» 1 курс студенттеріне арналған викторина, 1-2 курс студенттеріне арналған «Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы» мақал–мәтел білгірлеріне арналған викторина, Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі мен бірлігіне арналған «Жаныңда жүр жақсы» бейнероликтер мен презентациялар конкурсы, игі істер эстафетасы (педагогикалық еңбек ардагерлеріне көмек) «Дәстүрлердің жанды тізбегі» және т. б.
Біздің әдемі елімізде мекендейтін халықтардың әрқайсысы ерекше-біз бір тату халықпыз! Бұл Мамыр мерекесінің мәні.