Педагогтары арасында кәсіби шеберлік конкурсы

2022 жылдың 15-16 ақпан күндері Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кәсіби шеберлік конкурсы өткен болатын.
Аталған конкурсқа Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Шайкенова Самал Сағнайқызы қатысып, өзінің білім беру үрдісінде қолданатын тиімді заманауи технологияларымен бөлісті.
Бәсекеге қабілетті шәкірт даярлау ұстаз міндеті. Ал, жаңашыл, білімді педагог тек білім берумен шектеліп қана қоймай, өз тәжірибесін басқа әріптестерімен тәжірибе алмасу, әр деңгейдегі сайыстарға қатысу, білімін жетілдіру арқылы ізденімпаз, білікті ұстаз атанады.
Самал Сағынайқызы заманауи педагогикалық талаптарға сай ізденімпаз ұстаз. Сайыста жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.